AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс коммунистері: Көпқабатты үй подъезі мен ауласындағы жарық үшін пәтер иесі емес, кооператив төлеуі керек

Көпқабатты үй подъезі мен ауласындағы жарық үшін пәтер иесі емес, кооператив төлеуі керек! Монополистер тұрғындардың аңғалдығын пайдаланып, бір қызмет үшін екі есе ақы алып отыр. Мәжілістегі коммунистер коммуналдық төлем жүйесінде осындай алаяқтық белгілер бар деп отыр. Оған қатысты монополистердің де айтары бар.

Астаналықтарға ай сайын келетін түбіртекте жалпы үй қажеттілігіне кеткен электр энергиясы деген жолақ бар. Бұл айда, мәселен, бір пәтерге бұл қызмет 750 теңгедей бағаға есептеліп шыққан. Айта кетейін, үйдің ішінде 646 пәтер бар. Барлығына шамамен осындай сома есептелген күннің өзінде үй қызмет үшін ай сайын 450 мың теңге төлейді екен. Бұл қандай қызмет, деп хабарлайды Евразия.

Төленетін жалпы сома қомақты көрінетіні белгілі. Астанада 4 014 көп қабатты үй бар. 450 мың теңгені сол санға көбейтсеңіз, 2 млрд-қа дейін жетеді. Үйдің ортақ мүлкін күтіп ұстап тұру үшін пәтер иелері кооперативіне деп ай сайын тағы төлейміз. Осы мәселеге үңілген депутаттар азаматтар бір қызмет үшін екі рет төлеп жүр деп ашынды.

«Үкіметтің 2000 жылы-ақ шыққан тиісті қаулысы мен Астана қаласы әкімдігінің коммуналдық ақыны төлеу бойынша ережесі бар. Онда Пәтер иелері кооперативі үйдің ортақ мүлкіне көрсетілген қызмет үшін өзі есеп айырысуы керек деп көрсетілген. Алайда монополистердің ішкі ережесі бұл тұста заңға бағынбай тұр. Оған уәкілетті мемлекеттік органдар да назар аударғысы келіп отырған жоқ», – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов.

Подъез бен ауладағы жарық үшін неге екі рет төлеуіміз керек деп тұрғындар тұтынушылар құқын қорғау органдарына бірнеше мәрте арызданыпты. Бірақ түбіртектегі сол жолақ алынған жоқ. Монополистерге де шара қолданылмады. Белгілі болғандай, депутат келтірген 2000 жылғы құжат түгілі, 2010-да да шыққан қаулы күшін жойып үлгеріпті.

«Тұрғындардан осы төлем бойынша бірталай шағым түскен болатын. Тексеру нәтижелерінде энергиямен қамтушы мекемелердің тәртіп бұзғаны анықталмады. Тұтынушылар 2010 жылғы Үкімет қаулысын негізге ала отырып шағымданады көбінесе. Бірақ ол құжат күшін жойған», – Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің тауар нарығын тергеу бөлімінің бас маманы Лаура Ибраимова.

Шағымданған тұрғындарды біраз іздедік. Бірақ арызданбақ түгілі, түбіртекте ондай төлемнің барын білмейтіндер көп болып шықты. Білген күннің өзінде не үшін төленіп жатқаны үшін бас қатырғысы жоқ.

«ОДН деген нәрсе бар, білесіз бе соның ішінде? Не зат ол? Қараған жоқсыз ба ішінде ОДН деп тұрады? Жоқ. Төлеген кезде қарамайсыз ба қайсын төлеп жатқаныңызды? Келеді, төлейміз».

«ОДН? Соның ішінде бар. Байқамаппын». «Көрмеппін, қарамаппын. Өзіңіз төлемейсіз бе? Ұлым төлейді, бірақ оның өзі қарамапты».

“Үйдің жалпы қажеттілігі” деп қазақшалап аударылған төлемнің ішіне, подъезд бен ауладағы жарықтан басқа, жылу жүйесіндегі суды айналдыруға арналған қондырғылар, лифт, яғни тоқтан қуат алатын барлық қызметтер кіреді. Астана бойынша 4 мың үй десек, соған қызмет ететін кооперативтердің тек 100-ден астамы ғана энергокомпаниямен келісімге отырған екен. Яғни ол үйлерге төлем түбіртектегі бөлек жолақта көрсетілмейді.

«Кооперативтермен келісім бар ма, жоқ па, бәрі бір қызмет көрсетеміз. Ол үшін ақы төленуі керек. Келісім болмаса, тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес, пәтер иесінің үлесіне, яғни, баспанасының квадратурасына сай есептеп шығарамыз. Ақысын сол иесінен тікелей сұраймыз. Бір қызмет үшін екі рет төленуі мүмкін емес», – дейді “Астанаэнергосбыт” ЖШС бас директорының орынбасары Дәурен Қабдин.

Түбіртектегі сол төлем бөлек жолақта көрсетілсе де, көрсетілмесе де, сома өзгермейді дейді компания өкілдері. Тек кооператив қызметімен қосарлана төлеуде бір қауіп бар екен. Егер, КСК басшылығы электр энергиясына деп жиналған ақшаны басқаға жұмсап, кешіктірсе, бүкіл үй жарықсыз қалуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр