Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты журналистердің сауатсыздығын сынға алды

ҚР парламент мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов телевизия мен радио журналистерінің білімсіздігін сынға алды.

19801-6-deputat_sauytbek_abdra_ru

Кейін халық қалаулысы телевизия журналистерінің жиі жіберетін қателігіне тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz.

 «Өкінішке қарай, қазіргі таңда телевизия мен радио бағдарламаларды естіген кезде жүрегің ауырады. Қазақ журналистері көз алдында не тұрса, соны оқиды. Әлемнің барлық елі орфографика бойынша жазады да, айтқан кезде орфоэпия заңдылығына бағынады. Негізгі себеп (журналистердің –автор) орфоэпия заңдылықтарын білмеуі», – деді ол.

«Қазір тележүргізушілер «қаржы қайда қалды» деп айтады. «Ғ» әрпін айтпайды. Оның орнына «қ» қарпін қолданады. Бұл барлық жерде кездеседі. Жантүршігерлік жағдай. 20-30 жылдан кейін тілдің әуезділігімен не болады? Мұны ойлаған кезде жүрегің сыздап ауырады. Мысалы, «күмбір-күмбір» деп жазылады. Сингорманизм, үндестік заңы бойынша ол өзгеріске ұшырайды. Сондай сөздер өте көп. Нақтырақ айтсам, жүйрік, ми, жиналыс, жиын, киім және т.б.», – деді халық қалаулысы.

Осыған байланысты Сауытбек Әбдірахманов аталмыш мәселені шешудің жолын көрсетті.

«Менің ұсынысым – өте қарапайым. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі бар. Ол бірнеше рет басылған. Сол сөздікті де (журналист – автор) қарап отыруы керек. Ол сөздіктің бір бағанында жазылуы, ал екінші бағанында айтылуы көрсетілген. Бар болғаны сол. Қалай айтылады, қалай жазылады дегенді ( журналистер – автор) білсе болды. Сөздерді айтқан кезде орфоэпиялық сөздікке қарап отыру керек. Сөздің жазылуы мен айтылуының арасындағы айырмашылықты білу керек. Менің ойымша, осыған (журналист – автор) мән берсе, біраз шаруаны тындыруға болады», – деді ол.

Тағы да оқыңыз:

Мамыр айындағы мерекелерде бір апта демаламыз

Ұстаздары: Димаш мектеп кезінен Абайдың қара сөздерін жатқа айтатын

Тағы бір жүргізуші өзінің жантүршігерлік жол апатына ұшырағанын видеоға түсіріп алды

 

Талқылау