Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Депутаттар мәжілісмен Асылбек Смағұловтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесіне қатысты дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселе парламент мәжілісінің отырысында қаралды. Парламент мәжілісінің депутаты Асылбек Смағұлов 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Асылбек Смағұлов 1970 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы «Нұра» кеңшарында дүниеге келген.

Ол заң ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек қызметін 1987 жылы жұмысшы ретінде бастаған. 

2000-2012 жылдары - доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі, академия ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары, Қазақстан қаржы полициясы академиясының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі орынбасары.

2012-2016 жылдар аралығында ол Қазақстанның заң шығару институтын басқарды.

2016 жылдың 24 наурызынан бастап «Нұр Отан» партиясынан VI сайланған Мәжіліс депутаты болды.

Талқылау