Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты дәрі жетіспеушілігін жасырып қалғандарды қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Құрметті денсаулық сақтау министрі Алексей Владимирұлы! Басқа аймақтарды қоспағанда Алматыдағы станционарлардың өзінде дәрі жоқ. Күн сайын адамдардың тыныс тарылуда. Бұлар біреудің жақындары, ата-анасы, туған туысы. Біз бір күн де шыдай алмаймыз, дәрілер дәл қазір керек. Жекеменшік емханаларды тартыңыздар, адамдарды емдеңіздер", - деп жазыпты Смирнова. 

Сонымен қатар ол әкімдіктерден, денсаулық сақтау басқармаларынан және аурухана басшылығынан дәрі жетіспей жатқаны келіп түскен өтініш-арыздарды тексеруді сұрады. 

"Егер мұндай қағаздар жоқ бола тұра дәрілердің жетіпеушілігі байқалса, жауапты адамдарды жұмыстан шығарыңыз. Олардың үстіне азаматтардың өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық іс қозғаңыздар. Олардың түзелгенін күтудің қажеті жоқ. Олар түзелмейді де. Өтірік сөз бен жауапсыздыққа көз жұма қарамай, халықты қорғайық. Гуманитарлық көмектің тағайындалуын көрсететін ашық онлайн платформа ұйымдастырыңыз. Бұл қиын емес қой. Адамдардың жаппай көз жұмуын тоқтатыңыз", - деп жазыпты депутат. 

Алматының денсаулық сақтау басқармасы препараттардың расымен де жетіспей жатқанын мәлім етті. Бұған қоса басқарма өкілдері 7 шілде күні психикалық денсаулық сақтау орталығында тағы бір станционар ашылғанын қосты. 

"Қазір дәрілер басқа емханалардағы дәрілерді қайта үлестіру негізінде келіп жатыр. Өкінішке орай, кейбір препараттар расымен де тапшы. Тиісті өтініш "СК Фармация" ұйымына жіберілді. Дәрі-дәрмекті тасымалдауда қиыншылықтар орын алуда", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

 

Талқылау