Маймыл екі жыл бойы доңыздың жүрегімен өмір сүрді
Генетика мен химия жетістігінің арқасында сары маймыл 945 күн өзіне ота арқылы доңыз жүрегімен өмір сүріп келді. Алдағы уақытта осындай отаны адамға жасау, жануарлардың жүрегін адамға салу көзделіп отыр.
Сурет: Dalibor Gluck / CTK / Globallookpress.com
Ксенотрансплантация бәрінен бұрын ота жасатушының иммунды жүйесінде қиындық туғызады. Бұл отаны жасатушының өмір сүру ұзақтығы 180-400 күн аралығында.
Америка кардиологы Мухаммед Мохиуддин мен оның әрептестері маймылға доңыздың жүрегін ауыстырмай, тек екінші етіп салуды ұйғарған. Олар физиологиялық тұрғыда адамға ұқсайтын болған соң маймылдарды таңдаған.
Ота бес маймылға жасалған. Оларыдың ішіндегі бір маймыл ең ұзақ 945 күн өмір сүрген. Ал, орташа өмір сүру уақыты 298 күнге шыққан. Сондықтан бұл отаны тәжірибеде қолдану уақыты әлі де алда.
Ксенотрасплантацияны жасатуға мәжбүр болған адам өмір бойы иммундық жүйесін жақсартатын дәрілерді ішіп тұруы керек.
Ғалымдар адамға ауыстырып салатын мүшелердің тапшылығынан регенеративті медицинаның (адам клеткалары арқылы ағза мүшелерін өсіру) көмегіне сүйенеді.