Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майқайың кенішіндегі автобус апаты: Төтенше жағдайлар департаменті сотта жеңіліп қалды

Видеодан скрин

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті “Майқайыңалтын” кешінде болған апатта әкесінен айырылған ер адамға өтемақы төлеу туралы іс бойынша сотта жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар облыстық соты моральдық шығынды өтеу туралы іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертті. Облыстық азаматтық істер жөніндегі соты ашық сот отырысында азамат Т-ның Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінен моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

“Сот 2024 жылдың 4 қаңтарында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында техногендік апат орын алғанын анықтады. Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде оқиға орнына бара жатқан, жедел автобус апатқа ұшырады, нәтижесінде кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің қызметкерлері, соның ішінде талап қоюшының әкесі қаза тапқан”, – делінген сот хабарламасында. 

Автобус адамдармен бірге жер астына құлап кеткен: Майқайың кенішіндегі құтқарушылардың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты

Автобус адамдармен бірге жер астына түсіп кеткен: Құжаттағы қол қалай Майқайыңдағы апатқа алып келді


2025 жылдың 13 қарашасында Екібастұз қалалық соты арызданушының талабын қанағаттандырудан бас тартқан. Арызданушы сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым берген.

Апелляциялық сатыдағы сот іс материалдарын қарап, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерту туралы шешім қабылдады. 

“Сот алқасы талап қоюшының жан азабы сипатын, әділдік пен ақылға сыйымдылық қағидаттарын ескере отырып, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертті және мемлекеттік мекемеден 2 000 000 теңге мөлшеріндегі моральдық зиянды өндіру туралы қаулы етті. Талап қоюдың қалған бөлігі бойынша шешім өзгеріссіз қалдырылды”, – делінген сот хабарламасында. 

Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қаңтарындағы Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлап кеткен еді. Шұңқырға құлаған автобустың ішіндегі төрт адам көз жұмды. 2024 жылдың 25 шілдесінде автобус ішіндегі төртінші құтқарушының денесі апаттан жарты жыл өткенде жер бетіне шығарылды.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 20:41