Автобус адамдармен бірге жер астына құлап кеткен: Майқайың кенішіндегі құтқарушылардың өліміне қатысты іс бойынша сот үкім шықты
Видеодан скрин
Майқайың кенішіндегі құтқарушылардың өліміне қатысты іс бойынша сот үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстық іс Екібастұз қалалық сотында қаралды.
“Ашық сот отырысында жалпы тәртіппен, аудио және видео жазба қолдана отырып, күдіктілер Б, Б, Т, Ш, Н, К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға Қылмыстық кодексінің "Тау‑кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылған", – деді судья Айжан Байгөншекова.
Автобус адамдармен бірге жер астына түсіп кеткен: Құжаттағы қол қалай Майқайыңдағы апатқа алып келді
"Майқайыңалтын" компаниясының бұрынғы бас директоры төрт жылға бас бостандығынан айырылса, оның бұрынғы орынбасары мен Майқайын жерасты кенішінің директоры үш жыл алты айға сотталды. Майқайын жерасты кеніші директорының бұрынғы орынбасары мен бас инженері үш жылға бас бостандығынан айырылды.
75 жастағы бұрынғы бас директордың орынбасарына жасына байланысты жеңілдік жасалып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Айыпталушыларға тау-кен саласында басшылық қызметтерді атқаруға екі жылға тыйым салынды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қаңтарындағы Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлап кеткен еді. Шұңқырға құлаған автобустың ішіндегі төрт адам көз жұмды. 2024 жылдың 25 шілдесінде автобус ішіндегі төртінші құтқарушының денесі апаттан жарты жыл өткенде жер бетіне шығарылды.
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды