Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәйіт жуғандарға бағалы сый: Қызылордада ағайындары марқұмның денесін жууға таласып шу шығарды

Қызылордада қайтыс болған кісінің мәйітін жууға таласатындар көбейген. Тіпті, кейбіреулер жаралы үйде шу шығарып, өзара дауласуға дейін барады. Осындай сұмдық оқиғалардың бірі жуырда  орын алды.

Ағайындардың әкесін жуындыруға таласқанын көрген Жазира есімді бойжеткен «Stan.kz» сайтының редакциясына мән – жайды айтып берді.

«Мен аяқ астынан әкемнен айырылып қалдым. Ол кісі ауырып жатқан жоқ. Сол себептен де бұл қайғы барлығымызды есеңгіретіп тастады. Қонақасын беріп болғаннан кейін, үйімізде дау – дамай басталды.

Жақындарымыз әкемнің денесін жуындыруға таласты. Алматыдан көңіл айтуға арнайы келген құдамыз папамызды жуындыру кезінде «басын ұстатпадыңдар» деп ренжіп,  кетіп қалды. Онсыз да қабырғамыз қайысып отырғанда, бұл жайт тіпті есімізден таңдырды», – дейді Жазира.

Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша, мәйітті жууға марқұмның 3-4 туысы кірген. Ең жақыны қайтыс болған кісінің басын ұстаған. Осынау жауапты міндетті орындаған жандарға марқұмның ең бағалы киімдері таратылады.

Қалтасы көтеретін отбасылар сыйлардың барлығын жаңадан сатып алып береді.

«Менің әкем тірі кезінде бағалы киімдерге аса қызыққан жоқ. Бірақ ағам барлық дүниелерін жаңадан алып беріп жүретін. Соған қарамастан мәйітті жуған кісілерге берілген киімдердің барлығын қайтадан сатып алдық. Басын ұстаған кісіге құндыз терісінен жасалған бас киім кигіздік.

Аяғын жуған кісіге былғары аяқ киім алып беруді жөн санадық. Қалған кісілерге де танымал бренд маркаларының костюмдерін кигіздік. Ешқайсысын ренжіткен жоқпыз», – дейді Жазира.

Жалпы, мешіт қызметкерлері мәйітті жуындыруға таласуға болмайтынын айтады. Әсіресе, сыйлық алу үшін дау тудыратындардың әрекетін құптамайды.

«Мәйітті намаз шығарар алдында жуындыратыны белгілі. Негізінен марқұмның денесін ет – жақындары тазалағаны дұрыс.

Кейін оның кемшіліктерін ешкімге айтпайтын кісілер болуы тиіс. Егер қайтыс болған кісінің жақындары болмаса, онда білімді, көзі ашық адамдарға бұл міндетті жүктеген дұрыс. Жалпы, бұл үлкен сауап болып саналады. Сол себептен бұл жұмысты атқарғандардың пейілі мен ниеттері түзу болғаны жөн», – дейді «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің ұстазы Мұхтар Гаджиев.

Оқи отырыңыз:

Балқашта бейәдеп смс хабарлама жіберген мүғалім сотталды

Ер адам болып туғанымен, әйел болып өмір сүріп жатқан 10 сұлу

“АрселорМиттал Теміртау” ереуілге шыққан шахтерлерді сотқа берді

Көпқабатты үйдің ауласынан 17 жастағы алматылықтың мәйіті табылды

 

Талқылау