Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәйітті қала сыртына апарып, жерге көмген": Көкшетауда өз басшысын өлтірген қызметкерге үкім шықты

Фото: Видеодан скрин

Көкшетауда резонанстық қылмыс бойынша үкім шықты. Кен өндіру кәсіпорнының кенеттен жоғалып кеткен қызметкерін қаланың бірнеше жерінен іздегеннен кейін, тек мәйітін тапты. Сотта күдікті қаза тапқан адамның бағынышты қызметкері болып шықты. Алқабилер ер адамның кінәлі деп шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Судья Берікбол Сапарғалиев сотталушы Уалиев Мадияр Бауржановичті Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныжы. 

"Оны орта қауіпсіздік санатындағы жазалау мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау күшіне енсін", - делінген сот хабарламасында.

Кен өндіру комбинатында жауапты лауазымда жұмыс істеген 41 жастағы ер адамның жоғалуы қала тұрғындарын шошытты. Іздеуге полиция қызметкерлері мен волонтерлер шықты. Бір аптадан кейін күдікті өлтірілген адамның мәйітін орманда өз қолымен көрсетті.

22 жастағы Мадияр Уалиев өз кінәсін мойындап, басшысын ұрыс кезінде өлтіргенін айтты. Сол қайғылы күні олар бірге жұмыстан үйге қайтып келе жатып, сөзге келіп, гараждар маңында тоқтап, келіспеушілікті шешуге әрекет жасаған. Қолында пышақ болған Уалиев оны басына сұғып жіберген. Қанға малынған мәйітті қала сыртына апарып, жерге көмген.

Сот өз кінәсін мойындауды жеңілдететін мән-жай деп санады. Өлген адамның отбасына моральдық шығын ретінде 14 миллион теңге өндірілетін болды. Қаза болған адамның екі баласы қалды. Алайда марқұмның әкесі Өмірбек Кенжахметов үкімнің тым жеңіл деп санайды.

"Зейнеткермін, енді менде ұлынан қалған екі бала мен ауыр науқас анам бар. Оларға кім қарайды? 10 жылға адам өлтіру үшін өте аз. Біз үкімге келіспейміз. Апелляциялық шағым береміз. Ол адамды, отбасының нанын адал тауып жүрген адамды өлтірді, оған кемінде 15-18 жыл беру керек еді", – деп күйінді марқұмның әкесі.


Қылмыскердің анасы өлім жазасына келісті: 17 жастағы қыздың өлімінен кейін қырғыз халқы көтерілді


"22 жастағы жігіт жыл бойы үй салғызған": Жамбыл облысында 15 жастағы оқушының өліміне қатысты үш адам қамауға алынды


Еске салайық, бұған дейін қылмыскер басын кесіп өлтірген полицейдің анасына Қостанай полициясы 23 млн теңге өтемақы төлейді. Қостанай облысында полицейді кек алу мақсатында өлтірген Виктор Сербокрыл өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қылмыс кезінде полицей еңбек демалысында болғанына қарамастан, ол ерекше қатыгездікпен өлтірілген. Сот сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 09:09
Талқылау