Сонымен қатар полиция жоғалып кеткен тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Фото: Атырау облыстық ПД
Атырау облыстық полиция департаменті Жангелді ауылынан жоғалып кеткен отбасыға қатысты істі тергеу барысында ерлі-зайыпты 1959 жылы туған Максот Қарабалин мен оның жұбайы Насип Өтешқалиеваның мәйіттері табылғанын растады.
“Аталған дерекке қатысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. Оларды іздестіру және ұстау бойынша қажетті шаралар жүргізіліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.
Сонымен қатар полиция жоғалып кеткен тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

"Төртеу емес, алты адам": Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты
Полиция департаменті әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпаратқа сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін “Ақ Жайық” басылымы мәйіттердің отбасының үйінің ауласындағы шаруашылық құрылыстың аумағында көмілген күйде табылғанын хабарлаған еді.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалған. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев.
Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.