Мәйітханалар толып кеткен: Италияда коронавирустан көз жұмғандардың саны 7 мыңнан асты
Италияда коронавирустан көз жұмғандардың саны жеті мыңнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлем бойынша ауруға шалдыққан 400 мың адам тіркеліпті. Індет 18 мың адамның өмірін қиған. Олардың көбі Италияда, Қытайда, Испания мен Францияда.
Италияда бір күнде коронавирустан бақилық болған адамдардың саны 743-ке жетіпті. Осы уақытқа дейін жұқпалы індет 7 мың адамның өмірін жалмап үлгерген.
Қазіргі таңда марқұмдарды көруге олардың туыстарын жолытқызбайтын сыңайлы. Себебі бұл жағдай инфекция таралуын арттырады. Қайтыс болғандарды көмуге де тыйым салыныпты. Көз жұмғандардың көптігі сонша жергілікті мәйітханалар толып кеткен.
Десек те Италия билігі атқарылып отырған шаралар ауруды ауыздықтауға көмектесуде дейді. Бір тәулікте тағы 3000 адам коронавирусқа шалдығыпты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн