Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәйіт дастархан басында екі күн "отырып қалды"

Беларусьтің Витебск облыснадағы ауылдардың бірінде ер азаматтың мәйіті құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенше бірнеше күн дастархан басында "отырып қалған". Ер адамды үй иесі ағашпен ұрып өлтірген. Бұл туралы Stan.kz облыстың Ішкі істер басқармасының ақпаратына сүйеніп хабарлады. 

"8 қаңтарда ел тұрғыны милицияға хабарласып, жұбайының бірнеше күннен бері үйінде қонбағанын айтты. Соңғы рет көрген адамдар оның Ресейде жұмыс істеп, елге оралған ауылдастарымен бірге көргенін жеткізеді. Милиция бұл ақпаратты тексеріп, жоғалған азаматты аталған тұрғынның үйінен тапты. Оның мәйіті мерекелік дастархан басында табылды. Олар 30 қаңтардан бастап Жаңа жылды тойлаған, азаматтың өлімі 6 қаңтарда болған. Отырыс барысында қонақ пен үй иесінің арасында кикілжің туындап, үй иесі қонағының басын ағашпен ұрып жіберген. Бірақ қонағы капюшонда отырғасын, үй иесі оның марқұм болғанын байқамай қалған. Қонағына бірнәрсе болғанын үй иесі тек бірнеше күннен кейін байқай бастаған. Дегенмен құқық қорғау орнагдарына хабарламаған", - дейді ІІД өкілі. 

Медициналық сараптама нәтижесі көрсеткендей, 1969 жылғы ер азамат бастың жабық-ми жарақатын алып, соның салдарынан көз жұмған. 1966 жылы туылған үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

STAN.KZ
Жұма, 10 Қаңтар, 2020 10:59
Талқылау