Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майғазиевтің анасы ұяттан жұрдай болған “Қалаулым” қатысушыларына тоқтау салуды өтінген

40-ты алқымдап, үш бала тәрбиелеп отырса да, анасы үшін Сәкен Майғазиев әлі бала! Сондықтан да әнші анасының әр сөзіне құлақ асып, айтқанын екі етпейді. Майғазиев желіде бөліскен төмендегі әңгіме осы сөзіміздің айғағы.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сәкен Майғазиев пен анасының арасындағы әңгіме елді шулатқан “Қалаулым” бағдарламасы аясында өрбіген. Анасы аталған шоуға қатысты назын айтып, оның жүргізушісі Аша Матайға сәлем айтуды өтінген.

Назарларыңызға Сәкен Майғазиевтің әңгімесін сол қалпында ұсынамыз.

– Мамкаба-а-ай, ассалаумағалейкуууум!

– Уағалейкумәссәләм,
Қолыңды алам,
Сүйдім балам…

– Аман-есен асыл отанымы, әсем Алматыма жеттім. Денсаулығыңыз қалай?

– Әу? Әләу. Әй, ана “Қалаулымды” жәй қойшы…

– Мә-ә-ә, мама, өткенде ғана “Сәкентай-ау, ана Аша қарындасыңмен күнде бірге жүрсің ғой, менің сәлемімді айтшы. Әнәбіреу “Қалаулым” деген бағдарлама не сұмдық?! Ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығып жатқандардың ата-әжесі, әке-шешесі, жақын-жұрағаты ұят болады деп айтпай ма? Жастарға не өнеге бермекші?!”, деп маған ұрсып а(лы)п, өзіңі-і-із көруден жіберіп отырғаныңыз қалай?

– … Ей, анау, әлгі… Сонымен, айттың ба Ашаға?

– Иә, мама, олар өздері де үнемі қоңырау шалып, қатысуымды өтінеді. Бас тартып жүрмін. Бота (Аша) бағдарламаның жүргізушісі, әлгі боқтап сөйлейтіндер (туған-туыстары ұрыспайтындар) актерлер. Халықтың назарын аудару мақсатында жасалған аталмыш арнаның айласы екенін біле тұра, сіздің сөзіңізді жерге тастамайын деп, “Қалаулым” ұжымына xабарласқам…

– Ым?

– “Мақсатымызға” жеттік, көрермен жинадық, енді жастарды жақсылыққа жұмылдыратын боламыз деп жұбатты, мама. Шақырса бара берейін бе?

– Өзін біл, балам.

– Негізі, барлық бағдарламаға сіз көрсін деп барам ғой, анашым.

Пы.Сы. Ел боламын десең экраныңды түзе.

Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек: Былтыр отбасым да, жеке өмірім де ойран болды

“Қалаулым” қатысушылары таныла алмай жүрген өнер адамдары: шоу бағдарламаның құпиясы ашылды

Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты

Мейрамбек Бесбаев Мәскеу төрінде күмбірлете күй шертіп, әлемге әйгілі музыканттарды мойындатты (видео)

Талқылау