Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майғазиев: Мейрамбек пен Мақсат топқа бойы ұзын, сымбатты жігіт іздеп, "табылғаны осы болды" дейтін

Сәкен Майғазиев 20 жылдық тарихы бар "Музарт" тобының құрылған кезін еске алды. Мақсат пен Мейрамбектің үшінші жігітті іздеу хикаясын әңгімелеп берген ол елді күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz. 

"2001 жыл. Мейрамбек пен Мақсат триоға үшінші жігіт іздейді. Саят Медеуовке ұсыныс жасайық деген ойлары орта жолдан кайтады. Бітім-болмысы, қоңыр үндері, дауыс бояулары бір-біріне жақын дәстүрлі әншілер өздеріне ұқсамайтын ашық дауысты эстрада әншісін ойша іздеуге кіріседі. 

Сөйтіп, Мақсаттың есіне мен түсіппін. (Жатақханаларда "гастроль" жасап жүргенімде талай көрген ғой) Мейрамбек те бірден келісе кетеді. Осы кішкентай тарихты сахнада еске алғанда Мақсат пен Мейрамбек: "Негізі бойы ұзын, сымбатты жігіт ізденгенбіз, бірақ табылғаны осы болды", деп иегін маған қарай көтеріп қоятын.



Екі Мәкеңмен талай қызық өтті ғой. Қиын да, қызық кездер көңілден кетпек емес. ("Менің жанрым - күнделік" деп Асағам айтқандай, кітап жазам-ау)", – деп жазды ол.

Майғазиевтің бұл күнді еске алуы бекер емес. Ол топта ән салған әріптесі Мақсат Базарбаевты осылайша жеке мерекесімен құттықтады. 

"Туған күніңмен, досым! "ҚҰДАЙ қосқан құда болады, ПАЙҒАМБАР қосқан дос болады", дегенді естігем. Сызат түспеген достығымыз жасай берсін.
Әке-шешемізді қуанта бер. 45 жасың құтты болсын, досым!" – деді ол. 

Естеріңізде болса, 7 қараша күні Мейрамбек Бесбаев 45 жасқа толып, дүркіретіп той жасаған болатын. 

Талқылау