Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерболат Беделхан: Ninety One жігіттері өз туыстарының тойларына барады, бірақ ән айтпайды

Ерболат Беделхан ешқашан тойға қарсы болмағанын айтты. Солай дегенімен, Ninety one тобының тойда ән салмайтынын растады. Оның себебін әлемдік нарық талабымен түсіндірді. Бұл туралы Беделхан "Шынайы Ақберенмен" бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белелханның айтуынша, топ алғаш құрылған шақта тойға шақырушылар көп болған. Ұсынылған соманың көптігіне қарамастан, бойзбенд продюсері бас тартып келеді. Алайда: 

"Мен ешқашан тойға қарсы болған емеспін. Себебі, той қазаққа тән. Мен қазақпын ба? Иә! 

Бірақ Ninety one-ды тойға жібермеймін. Олар өз туыстарының тойларына барады, бірақ ән айтпайды", – деді Беделхан.



Беделхан A.Z-дің топтан кетуінің себебін айтты.

"Рухани күйзеліс. Менен кеткеннен кейін, 3-4 айдан кейін қайтадан өнерге деген құлшынысы оянғанын естіп жатырмын. 

Бізде жұмыс көп. Мүмкін, көзге көрінбейтін шығар, бірақ балалар күнде студияға барып өлең жазады, билейді, дайындық. Адам тек рухани емес, физикалық тұрғыдан да шаршайды. 5 жыл аз уақыт емес. 

Азаматтың кетуі бәріне, маған да әсер етті", – деді продюсер. 
 

Талқылау