Майғазиев Исламханның басына аяғын көтерген футболшыны шошқаға теңеді (видео)
Күні кеше Қазақстан футбол құрамасы «Астана-Аренада» Польша құрамасымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түскен еді. Ойын барысында отандасымыз Бауыржан Исламхан жарақат алып, құлап қалды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Сол сәтте польшалық футболшы Глик аяғын Бауыржанның басына көтеріп, иығынан тепкен. Осылайша ол қазақстандық жанкүйерлердің ашуына тиді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Сәкен Майғазиев аталмыш жағдайға байланысты өз пікірін білдірді.
«Исламхан Бауыржан бауырымыздың алтын басын сасық аяғын көтерген Гликтің шошқалығына шыдамай, шіләпісін қайырып жіберер ем. Сабырымды сабама сала алмай, қанымның басыма шапқанын-ай… Кім көрді?» – деп жазды танымал әнші желідегі парақшасында.
«Әттең стадионда болмадым, басына бөтелке жіберуші едім», «Өзінің тәрбиесіз екенін, мәдениеттен жұрдай адам екенін көрсетті. Исламханды көре алмаған-ау шамасы», «Дірілдеп әрең шыдадым, аренада болсам, ең болмаса бірдеңе лақтырар едім», «Алаңнан қуу керек еді», «Ереже бойынша Гликке қызыл карточка беруі керек қой», – деп жазды ашынған желі қолданушылары.
Ал Сәкен Майғазиев бүгін таңертең сабасына түскенін, полякты кешіретінін айтты.
«Осы ғой мені өртеп бара жатқан. Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Бірақ, ойланып-ойланып, кешіре салатын болып шештім. АЛЛА кешірімді ғой», – деді ол сол сәттен видео жариялап.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев бауырларын халыққа таныстырды (фото)
Аулада қызын ойнатып жүрген Сәкен Майғазиев жұртты сүйсіндірді (видео)
Сәкен Майғазиев ұлы мен өзінің студент шағындағы суретін көрсетті (фото)
Сәкен Майғазиев волейбол ойнаудан мастер класс көрсетті (видео)