Футболдан Қазақстан құрамасы азулы Польша құрамасымен тең түсті (видео)
Футболдан Қазақстан құрамасы “Астана-Аренада” Польша құрамасына қарсы кездесу өткізіп, 2:2 есебімен тең түсті.

Алғашқы таймның қорытындысы бойынша Талғат Байсуфиновтың шәкірттері қонақтардан 2:0 есебімен ұтылып жатқан болатын. Тоғызыншы минутта Бартош Капустка гол соқса, 35-ші минутта Роберт Левандовски пенальтиді сәтті орындады.
Ал ойынның екінші таймында Қазақстан құрамасы ерекше мінез көрсетті. Ойынның 51-ші және 59-шы минуттарында шабуылшы Сергей Хижниченко дубль жасап таразы басын теңестірді.
Қазақстан құрамасы осылайша 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчын сәтті өткізді. Бұл бас бапкер Талғат Маруанұлының ұлттық құрама тізгінін ұстағалы бері өткізген алғашқы ресми кездесуі. Және бүгін Қазақстан құрамасының бас бапкері 48 жасқа толды. Маманды шәкірттері қуанта алды деп айтуға толық негіз бар.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған