Май ағу және қораптың істен шығуы: Қазақстандықтар 2024 жылы жиі шағымданған қытайлық көліктер анықталды
2024 жылы қазақстандықтар қытайлық көліктердің сапасына қатысты 51 шағым түсірген. Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Stan.kz сауалына жауап беріп, шағымның қандай ақауларға байланысты екенін айтты.

Фото: Рамиль Ситдиков/РИА Новости
Комитет мәліметіне сәйкес шағымдар көбісі JAC, Chery, Geely, Jetour, Exeed және Haval маркаларына қатысты болған.
Талдау нәтижелері бойынша тұтынушылардың шағымдарының негізгі себептері төмендегі техникалық ақауларға байланысты:
- қозғалтқыштың техникалық ақаулары (май ағу, клапан қақпағының істен шығуы, қызу мәселелері);
- беріліс қорабының кемшіліктері (діріл, жылдамдық ауысуындағы кідіріс, толық істен шығу);
- электрондық жүйенің бұзылуы (борттық компьютердің қателіктері, сенсорлық панельдің дұрыс істемеуі, автопилот жүйесінің қателері);
- автокөліктің шарттағы сипаттамаларға сәйкес келмеуі;
- автокөлік корпусы және бояу жабынының ақаулары (сызаттар, коррозия, жөндеуден өткен бөлшектер).
Қазақстандықтардың шағымы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері тұтынушылардың құқықтары мен шағым беру тәртібін түсіндіру, сотқа дейінгі наразылық хаттарын дайындауға көмектесу, сот процестеріне қатысу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ақша қаражатын қайтаруға немесе көлікті айырбастауға жәрдемдесу, техникалық ақауларды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бойынша көмек көрсеткен.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады