Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың маусымға байланысты талғамы қалай өзгереді?

Жаз маусымы үш айға созылғанымен Қазақстанда одан да ұзақ уақыт ыстық болады. Ал жаз дегенде барлығымыздың есімізге алдымен демалыс түседі. Әрине, бұл тек жылы уақытта саяхаттау қажет деген сөз емес. Дегенмен көбі дәл осы кезде демалуды ойластырып жатады. Жазғы демалысты жоспарлап үлгермеген қазақстандықтар үшін де бір-екі мүмкіндіктер табылады. Мәселен, елден, қаладан, тіпті, үйден шықпай-ақ демалуға болады. Маусымның ыстық шағында тұрғындардың сатып алу қабілетінің сипаты өзгереді екен. Мұндай деректі танымал Jusan дүкенінің сарапшылары платформадан ең көп сатып алынатын тауарларды зерттей келе анықтаған.

Алыс сапарға шығу үшін көбісі алдымен чемодан сатып алады. Чемодан өте қажет зат екені айтпаса да түсінікті, ал егер оның сапасы жоғары болса, кәдеге де ұзақ жарайды. Мұндай саяхатқа арналған аксессуар кең және ықшамды, берік және жеңіл, кез келген жайтқа дайын әрі жан-жақты болуы шарт. Қазақстандықтардың үшін чемоданның түсі айтарлықтай маңызды емес көрінеді, бірақ демалыс туралы ерекше жарқын естеліктердің сақталуы да артық етпейді. Сондықтан күн шуақты сары түсті Xiaomi 90FUN Business Travel Luggage қажетті заттар арасында басты орынға жайғасты. 

Ал туған жері – Қазақстанда саяхаттауды жөн көретін, таулар, көлдер мен шатқалдарды ұнататын туристер шатыр (палатка – ред.) сатып алады. Алғашқы тәжірибе ретінде шағын топпен жасалатын әуесқой сапар үшін Tramp Tourist 3 сияқты ықшам классикалық модельден асқан ыңғайлы шатыр табыла қоймас. Сонымен қатар мұндай саяхттауға портативті JBL Flip 5 Black колонкаларын бірге алып шығуды ұмытпаңыз. 

Урбаникалық сюжеттермен қатар экологиялық таза демалысты ұнататындардың арқасында электро транспортты топ тауарлардың қатарына қосылды. Осы орайда балаларға арналған электромобильдер мен Xiaomi MiJia Smart Electric Scooter Essential электросамокатын пайдаланушылар отбасылық демалыстар немесе жеке қозғалыс үшін таңдайды.

Жусан 22

Демалыс пен салқын орын туралы ойлағанда отандастырымыз өз үйін де естен шығармайды. Jusan дүкен тұтынушыларының талғамына жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тоңазытқыштар мен кондиционерлер көбінесе жаз мезгілінде сатып алынады екен. Оның себебі де айдан анық. Осы санаттағы ең көп жасалатын тапсырыстарға LG GA-B379 SLUL Silver тоңазытқышы және almacom ACH-12AF White кондиционері кіреді. Ал суға түсуге бармайтын қазақстандықтар болса, Intex Prism Frame 26700 каркасты бассейні сатып алып жатады. 

"Әр тілектің артында бір мүмкіндік болады" дейді емес пе?! Егер алғашқысы қиял мен арманға байланысты болса, екіншісін өңіне айналдыру үшін Jusan дүкені көмек қолын созуға әркез дайын. Мұнда тауарларды 24 айға пайызсыз және кез келген банктің картасымен бөліп төлеп алуға болады. Jusan мобильді қосымшасын жүктеп алып, өз демалысыңызды естен кетпестей өткізіңіз. 

Талқылау