Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маусымдағы зейнетақы көлемі мамырға қарағанда аз болды - Еңбек министрлігі себебін түсіндірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың мамыр және маусым айларында неге әр түрлі зейнетақы алғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зейнетақы

"Қазақстандықтардың мамыр айында алған зейнетақысы маусымдағыдан көп болды. Мұның себебі – төлемдерді қосымша 5%-ға индекстегеннен кейін сәуірде толық алынбаған қосымша төлемдер", - деді ведомствода.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды жылдық мәнде 10%-ға қосымша индекстеу жүргізілген.

Осылайша, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылған базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар 5%-ға, ал жасына байланысты зейнетақы 7%-ға артқан кезде, 1 сәуірден бастап барлық төлемдер қосымша тағы 5%-ға өсті.

Айта кетейік, сәуірдегі өсім автоматтандырылған режимде жүзеге асырылды (қосымша құжаттарды талап етпестен), ал мамырда азаматтар өсімді ескере отырып төлемдер алды.

Бұл ретте азаматтардың сәуір айында алмаған зейнетақысының жаңа және ескі мөлшері арасындағы айырмашылық мамыр айында кезекті зейнетақы төлемімен бірге төленді.

"Мысалы, егер 2020 жылғы қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері (жасына байланысты зейнетақы + базалық зейнетақы) 90 400 теңгені құраса, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерінің жаңа мөлшері 94 920 теңгені (90 400 теңге + 5% арттыру) құрайды. Бұл ретте төлем мамыр айында 99 440 теңгені (94 920 теңге + сәуір айына қосымша ақы 4520 теңге) құрады. Маусым айында зейнетақы тиісінше 94 920 теңгені құрады", - деп түсіндірді министрлік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр