Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев: "Жаңа заңнамалық нормалар елімізде парламенттік оппозицияға кепілдік береді"

Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында жаңа заңнама парламенттік оппозицияға кепілдік беретін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында бірқатар саяси реформалар ұсынғанын білесіздер. Бүгін біз соның аясында әзірленген маңызды екі заң жобасын қабылдап отырмыз. Соған сәйкес, елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында – қолданыстағы заңнамаға "парламенттік көпшілік" және "парламенттік оппозиция" ұғымдары кіргізіліп отыр", - деді Мәулен Әшімбаев. 

Сенат спикер елдегі кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашылатынын атап өтті.

"Заңмен Мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды. Мемлекет басшысының ұсынысымен қабылданған жаңа заңнамалық нормалар елімізде парламенттік оппозицияға кепілдік береді, сондай-ақ Қазақстандағы кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеміз", - деді ол.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр