Мәулен Әшімбаев вице-президент бола ма – Сенат төрағасы өзі жауап берді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзіне вице-президент лауазымы ұсынылуы мүмкін деген әңгімелерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл сөздердің “ешқандай негізі жоқ”. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әшімбаевтың сөзінше, кадрлық шешімдер жаңа Конституция қабылданған соң ғана қаралады.
“Тағайындаулар жаңа Конституция нормаларына сай жүзеге асады. Бұл президенттің құзыреті. Вице-президент лауазымы жайлы қазір пікір білдіру орынсыз әрі артық”, – деді Әшімбаев.
Сонымен қатар ол Сенат өкілеті тоқтаған жағдайда да, ел игілігі үшін “кез келген бағытта” жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Еске салсақ, Құрылтайда Тоқаев Қариннің лауазымын қысқартып, орнына вице-президент қызметін енгізуді ұсынған еді.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"