"Мәтінді жаттамай, шатасты": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тікелей эфирде ұятқа қалды
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан тікелей эфирде ұятқа қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Продюсер келіншек "Алтын ханым" байқауын жүргізді. Ол бағдарлама барысында қатысушыларды хабарлап тұрып, сөзден жаңылып, бір сәтке үзіліс сұрады. "Бір минут" деген сәтте, қасында тұрған тележүргізуші Динара Сәтжан оған сыбырлап, "бұл тікелей эфир"деп ескертеді. Кәсіби тележүргізуші Мөлдірге көрерменнен қолдау білдіруін сұрайды.
-
"Мақтау қағазын аламыз деп ойлады": Тұрсен Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін сыйлады
-
"Қымбат рубин тасы бар тәж": Баян Мақсатқызы ұйымдастырып жатқан "Алтын ханым" байқауының жүлде қоры белгілі болды
Әлеуметтік желілерде бұл сәттің видеосы тез таралып, қоғам тарапынан түрлі пікір тудырды. Көбі журналистиканың кәсіби саласын шоу-бизнес өкілдерінің иеленуін сынға алды.
“Айгүл Мүкей неге жүргізбеген?!”, “Динара мықты маман екенін көрсетті”, “Аузы қисық болса да, байдың әйелі сөйлесін”, “Тұрсынбектің арқасында шығып жүрген адам”, “Өте төмен деңгейдегі маман екенін көрсетті”, “Мәтінін жаттамай, шатасып қалды”, “Билеп жүргенше, қағазды оқып жаттамайсың ба?!” – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Тұрсеннің туған күніне торт жасап берген" деп Баян Мақсатқызы ұйымдастырған "Алтын ханым" байқауының жеңімпазына қатысты шу шыққан еді.

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
