Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Mastercard ұстаушылары қалай жылдам және қауіпсіз төлем жасай алады?

Қазіргі заман талабы өз ережесін енгізуде, біздің басты міндеттеріміздің бірі ол - барлық жағдайда үнемге көшу, оның ішінде ең бастысы уақытты үнемдеу. Жылдам сатып алу, жылдам төлем жасау, жылдам талқылау...Бұл бүгінгі таңда дамыған технологиялардың көмегімен мүмкін нәрсеге айналды. Біздің барлық қажеттілігіміз бен қалауымызды смартфон және оған орнатылған мобильді қолданбалар арқылы іске асыруға болады, ал күнделікті қаржылық мәселелерді ыңғайлы төлем сервистері шешіп береді. Олардың қатарында ATFPay контактісіз төлем жасау қызметі бар ATF24 мобильді қолдаңбасы, ол қазір АТФБанктің барлық клиенттері үшін – Mastercard төлем жүйесі карталарын ұстаушылар үшін де қолжетімді болды.

атф

Контактісіз төлем жасау тәсілі бүгінгі таңда неге аса өзектілікті сақтап отыр?

Біріншіден, смартфон арқылы жасалатын контактісіз төлем басқа есеп айырысу түрлеріне қарағанда анақұрлым қауіпсіз. Touch ID немесе құпия код көмегімен төлемді өзіңіз ғана растай аласыз, басқа адамдардың пайдалануына шектеу қойылады.

Екіншіден, денсаулығыңызды күтудің тағы бір амалы: тазалыққа үлкен мән беріліп жатқан кезде қолма-қол ақшаны пайдаланудың қажеті жоқ, контактісіз төлемдерді пайдаланыңыз.

Үшіншіден, бұл өте тиімді, тиімді нәрсенің бәрі – жаныңызға жайлы! Смартфоныңыз арқылы төлем жасай отырып, сіз бұрынғысынша АТФБанктен шынайы ақшамен кэшбэк алуды жалғастыратын боласыз.

Енді ең басты сұрақ смартфоныңызға ATFPay қалай орнатуға болады?

Бәрі оп-оңай! Өзіңіздің ATF24 мобильді банкингіңізге кіресіз, оң жақтағы жоғары бұрыштағы антенна белгісін таңдайсыз және әрі қарай нұсқаулық бойынша әрекет етесіз. Бұл ретте, смартфондарға қатысты талаптар ең қарапайым – операциялық жүйесі Android 6.0. жоғары, NFC-модулі мен контактісіз төлем жасау мүмкіндігі бар барлық құрылғылар жарайды.

Картаны смартфонға теліңіз де, дүкендерде, қонақ үйде, кафеде және кинотеатрларда – контактісіз төлем жасау функциясы орнатылған терминал бар барлық жерде бір ғана жанасумен төлем жасаңыз. АТФБанкпен бірге сатып алу күннен күнге ыңғайлы, тиімді және жағымды бола түспек!

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр