Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары Исекешев пен Собяниннің ұқсастығына қайран қалды

Мәскеуде өтіп жатқан Астана күндері барысында жұрт Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәскеу әкімі Сергей Собяниннің түр-келбеттерінен ұқсастық байқады.

14457389_1190484390990080_3114058164133905074_n2

Қос астана басшысын Астана мәслихатының депутаты Мирас Шекенов ұқсатып, ол туралы Facebook желісінде жазды. Ол да 19-20 қыркүйек күндері Мәскеуде өткен Астана күндеріне аттанған делегация құрамында болды.

«Собянин мен Исекешевтің бір-біріне ұқсастығы таңғалдырады, екеуі ағалы-інілі секілді. Мына хаттамалық суреттен оны анық байқауға болады», – деп атап өтті депутат.

Мирас Шекенов ресейліктердің қазақстандық делегацияны жылы қарсы алғанын айтты.

«Бізді қабылдауға немқұрайлы қарамағандары ұнады. Әкімшілік өте пайдалы болған тәжірибе алмасу және қалалардың әкімшілік құрылымы тұрғысынан іскерлік кездесулерін ұйымдастырды. Туризм, инвестиция тарту, ақылды қала жүйесі, жол қозғалысын басқару, халықпен байланыс және т.б. көптеген мәселелер сөз етілді», – деп атап өтті депутат.

Сондай-ақ, астаналық депутат Ресей астанасының қалай дамып жатқанын айтып берді.

“Соңғы бірнеше жылдың ішінде Мәскеу қатты өзгерген. Базарлы-бейберекет қаладан кең көшелері бар нағыз еуропалық астанаға айналыпты. Айнала толған жарнама, кептеліс, қозғалыс, т.б.”, – дейді Мирас Шекенов.

Депутат жол жиегінде тоқтап тұратын көліктердің азайғанын ерекше атап өтті.

“Олар ақылы тұрақ кеңістігін енгізген. Сол арқылы жол жиегінде тұратын көліктерден арылып, орталықты едәуір ашып алған», – деді ол.

Астаналық депутат Ресей астанасының кемшіліктерін де тізіп берген.

«Кемшіліктер де жоқ емес. Қаладағы танымал деген сәулет мүсіндерін үлкен аркалармен жауып қойған. Мысалы, қаланың негізін салған Юрий Долгорукийдің ескерткіші мүлдем көрінбейді. Пушкиннің ескерткіші де арканың артында қалып қойған», – дейді Шекенов.

Десе де, депутаттың айтуынша, кемшіліктерден қарағанда артықшылықтар басым.

«Еуропалық стильде өте әдемі, таза әрі жайлы қалаға айналған. Серуендеп жүріп, Мәскеуде екеніңе өзің сенбейсің! Көшедегі адамдар да жиі күлімсірейтін болған. Қысқасы, біз де дұрыс бағытты ұстанып келеміз», – деп түйіндеді сөзін депутат.

Мәскеудегі Астана күндеріне орай әкімшілік өкілдері депутаттардан қала бюджетін ұлғайтуды сұрады. Тек өкілдердің іс-сапар шығынына 47,6 млн теңге жұмсалған.


Жіберіп алмаңыз: 

Қоғамдық көлікке мінген Назарбаевтың «сыңары» жолаушыларды шошытты (фото)

Министр хиджаб кигені үшін мектепке кіргізілмеген оқушыға қатысты пікір білдірді

Арзан Nokia мен қымбат Vertu. Журналистер министрлердің телефондарын суретке түсіріп алды

Депутаттар: Мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеру керек

Талқылау