Алматыда дін қызметкері есірткі притонын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Қазақстанда бұрынғы Астана мен Алматы епархиясының шіркеу қызметкері Яков (Владимир) Воронцов ұсталды. Ол Ресей православ шіркеуін ашық сынға алып, 2023 жылы Қазақстанда Мәскеуден тәуелсіз православ шіркеу құруға әрекет жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шіркеу қызметкерінің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, қазір Воронцовпен "сотқа дейінгі тергеу" жүргізіліп жатыр. Воронцов Ресей Православ Шіркеуін ашық сынға алған қызметкер. Ол Ресейдің Украинаға басып кіруін сынап, Қазақстанда Мәскеуден тәуелсіз православ шіркеу ашуға әрекет жасаған.
Жергілікті журналист Данияр Молдабековтің хабарлауынша, күштік құрылымдар Воронцовтың үйіне жұма күні түнгі уақытта кіріп, тексеріс жүргізген және оны уақытша ұстау изоляторына алып кеткен. Алматы полициясы шіркеу қызметкерінен "ұнтақ тәрізді заттар" табылғанын хабарлады. Айтуларынша, медициналық тексеріс оның есірткі қолданғанын растаған. Адвокаттың айтуынша, Воронцовқа медициналық емес мақсаттағы есірткі қолдану бабымен айып тағылған.
Воронцов Қазақстанда туып, Алматыда тұрады. Ол 2023 жылға дейін Қазақстандағы Ресей Православ Шіркеуінде қызмет еткен. 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруін сынға алған. Сол жылы ол бейбітшілікке шақырған православ шіркеу қызметкерлерінің үндеулеріне қол қойған. 2023 жылдың тамызында Facebook-те пост жариялап, Ресейдің Православ Шіркеуін "барлық діндердің ең жаманы" деп атаған. Бірақ бұл пікірін "жеккөрушілік немесе русофобия емес, фашизмге реакция"ретінде түсіндірген.
2022 жылдың наурызында оны қызметінен шеттетті. 2023 жылы митрополит оның шіркеу қызметін атқаруына ресми түрде тыйым салды. 2024 жылдың шілдесінде патриарх Кирилл Воронцовты діни санынан айырды. 2023 жылдың желтоқсанында Воронцов Қазақстанда Мәскеуден тәуелсіз православ шіркеу ашатынын мәлімдеді. Алайда билік оны тіркеуден бас тартты. Ақпан айында Алматы соты бұл шешімге қатысты шағымды қарауға қабылдады.
Воронцовқа қатысты мәселе тек шіркеу ішінде ғана емес, Қазақстан заңдары аясында да қаралған. 2023 жылдың желтоқсанында оған "діни алауыздық қоздырды" деген айыппен қылмыстық іс ашылған Алайда 16 айдан кейін, 2025 жылдың мамырында, айыптар толықтай алынып тасталды. Адвокаттың айтуынша, екі лингвистикалық сараптама қылмыс құрамының жоқ екенін көрсеткен.
Ұсталуына дейін бірнеше шіркеу қызметкері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жасап, істі қайта қарауды сұраған. Сол айдың соңында Ресейдің "Спас" телеарнасы Воронцов туралы "Қазақстандағы православ шіркеуге шабуыл" атты 46 минуттық ток-шоу шығарды. Бағдарламаға шіркеу өкілдері мен сарапшылар қатысқан.
Бұл жағдай Қазақстан мен Ресей арасындағы діни және саяси мәселелердің күрделене түскенін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан соңғы уақытта Ресейде саяси себептермен қудаланған кейбір азаматтар үшін бұрынғыдай қауіпсіз ел болудан қалып барады.
Соғыс басталғалы бері антивоенный көзқарастағы православ шіркеу қызметкерлеріне қысым күшейген. Фордхэм университетінің дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың мамырына дейін кемінде 79 православ дін қызметкеріне шіркеу тарапынан санкция қолданылған.
Ал Ресей Православ Шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл Ресейдің Украинаға басып кіруін бірнеше рет ақтаған.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды