«МММ» компаниясының бұрынғы басшысы Сергей Мавроди қайтыс болды
26 наурызда таңғы сағат 6:40-та Мәскеу қалалық ауруханаларының бірінде 62 жастағы кәсіпкер Сергей Мавроди қайтыс болды. Белгілі болғандай, Мавроди таңғы сағат бірде Поликарпов көшесіндегі автобус аялдамасынан ауруханаға жеткізген. Ол әлсіреп жүрегі ауырғаннан кейін көшедегілер оған жедел жәрдем шақырған.
Бұл туралы Mash телеарнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сергей Мавроди жүрек талмасы ұстады деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Алайда, дәрігерлер оны құтқара алмады. Mash телеарнасының хабарлауынша, Мавродидің қайтыс болғанына дәрігерлер күдіктенген кейін оның денесін бұзуға жіберген.
Айта кетейік, Сергей Мавроди «МММ» акционерлік қоғамының негізін қалаушы. Ол құрған қаржы пирамидасы аз уақыт ішінде асқан танымалдылыққа ие болып, Ресейдегі ірі пирамидалар қатарына қосылды. Алайда «МММ» компаниясына 10-15 миллион адам алданып, опық жеген.
Естеріңізге сала кетейік, Сергей Мавроди 2003 жылы ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Балалар көз жұмды: Кемеровода қаза тапқандар саны 64-ке жетті
Көпшіліктің көңілін көтеру үшін жыланмен ойнаған жігіт өлуге қалды (видео)
Дәмхана иелері лағман мен самсаны есек етінен жасап келген
Күйеуі қызғаныштан әйелінің саусақтарын кесіп тастаған (фото)