Мәскеуде "Мисс Қазақстан – 2000" қатысушысының мәйіті табылды
Мәскеуде "Мисс Қазақстан – 2000" қатысушысы Наталия Стешенконың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ мәліметінше, театр әртісінің мәйітін 28 қарашада бала тауып алған. Көмекке келген көршілері жедел жәрдем шақырған. Алайда әйелді құтқару мүмкін болмапты, ол дәрігерлерге келгенше жан тапсырған.
Әйелдің денесінде зорлық іздері табылмаған. Өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптамасы анықтайды.
Наталия Стешенко Павлодарда дүниеге келген. 2000 жылы "Мисс Қазақстан" сайысына қатысқан. Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының түлегі, Мәскеудегі Ай театрында жұмыс істеген. Сонымен қатар "Лига обманутых женщин" сериалында басты рөлді сомдаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”