Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде құрбандарының денесін бөлшектеп, еттартқыштан өткізген қанішер ұсталды

Мәскеуде екі қыздың зорлануына және өліміне күдікті ер адам ұсталды. Тергеу жұмыстарының нұсқасы бойынша, ер адам құрбандарын еттартқыштан өткізу арқылы денелерінен арылып отырған.

Сурет: 34.мвд.рф сайты

Волжский қаласының тұрғындары 31 жастағы Александр Масленниковтың құрбанына айналған. Ол қыздармен жергілікті дәмханада танысып, үйіне шақырған. Өз үйінде оларды зорлап, өлтірген. Масленников құрбандарының денесін бөлшектеп, еттартқыштан өткізген.

«Московский комсомолец» хабарлағандай, құқық қорғаушылар күдіктіні жаңа қылмысқа дайындалып жатқан сәтінде ұстаған. Екі қызды өлтіргеннен кейін Масленников Подмосковьедегі шаштаразбен сөйлесе бастаған. Жалғызбасты әйел сөйлесіп жүрген ер адамымен жеке кездесуді ұйғарған. Ер адам кезекті құрбанымен бірге сауда орталығында сауда жасап жүрген кезде полиция қызметкерлері тұтқынға алды.

Бұған дейін Лента.ру басылымы «МК в Волгограде» басылымына сілтей отырып Масленниковтың екі қыздың денесін еттартқыштан өткізіп, итке бергенін хабарлаған еді.

Соңғы уақытта қанішерлер туралы хабарлама жиі пайда бола бастады. Қыркүйек айында Кубаньда адамжегіштер отбасы ұсталғаны белгілі болған еді. Олар жаңа танысын өлтіріп, денесін бөлшектеп, құрбанының сүйегімен бірге суретке түскен.

Талқылау