Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде құлдықта болған әйел қожайынның денесін жуып, кір шықпағаны үшін таяқ жеген (видео)

Мәскеуде құлдықта болған қазақстандықтардың жайы бүкіл елді дүрліктірді. Жылдап адам сенгісіз қорлық көріп келген отандастармыздың дені жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастар. “Жұмыс беруші” азаматтар оларды қомақты қаржы береміз деп сендіріп, құрсауына түсірген. Олардың да Қазақстан азаматтары, Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумалары екенін еске сала кетейік, деп жазады Stan.kz.

6c41e571-fb5a-4934-b199-4201a7a96f8c

Апалы-сіңлілі үш азаматша 90-жылдары Мәскеуге көшіп кетсе керек. Талай қызды құлдықта ұстаған олап бүгінде олар ауқатты адамдардың қатарына қосылған.

Олардың құрығына түсіп қалғандардың барлығы түгел үйлеріне оралған жоқ. Ал жолдары болып, елге қайтып келгендері біраз уақыт бойы бой көрсетуге үрейленіп үйлерінде отырғандарын айтады. Солардың бірі – 24 жасар Айдана Stan.kz сайтының тілшісіне ашық сұхбат беруге келісті.

Айдана – Тараз қаласының тумасы. Әкесі мен шешесі ажырасқан соң, анасымен бірге Шымкентке көшіп келген. Анасына көмектесу үшін өрімдей 18 жасында 2 айға бала күтуші болып істемек болып, таныстары арқылы Мәскеуге аттанған.

fa49c3e1-560e-47e8-936d-95bab161009b

“Ол кезде туған құда баламның Мәскеуде жұмыс істеп жүргеніне бірнеше айдың жүзі болған. Онда аттанбас бұрын сонымен ақылдасып көрдік. Ол анама “Айдананы жібере беріңіз, мұнда бәрі жақсы. Айданаға өзім бас-көз боламын”, – деді, Сөйтсем, елдегілермен сөйлескенде, олардың мойнына пышақ кезеп тұрады екен. Оған барған соң ғана өзім куә болдым”, – дейді Айдана.

Ол алғашқы күннен-ақ таяқтың астында қалғанын айтады. Бара салысымен, құда баласына өзінің арын қорлатқанын айта отырып, көзіне жас алды.

“Ол байқұстың бас тартатын мүмкіндігі болмады. Өзім әзер дегенде құтылып шықсам да, ол әлі күнге дейін сонда жүр. Тірі ме, өлі ме, білмеймін”, – дейді жас қыз.

Өзге жұмысшылармен бірге таңертеңнен қара кешке дейін қара жұмыстан бас алмағанын айтады. Күнделікті төбелейтіні тағы бар. Ал кеш батысымен таңға дейін қинап арақ ішкізетін көрінеді. Қожайындарымен бірге, олардың бала-шағаларынан да аяусыз қорлық көргендерін жасырмады.

“Ине тығып, кейде қайшымен қинайтын. Бәрінің әурет жерлерінен тепкілейді. Ауырады дей алмайсың. Себебі ауырған жеріңе төбелей түсіп, содан өздері ләззат алып отырады”, – деп түсіндірді ол.

Айдана үйіне оралған соң, денесінде бір сау жері болмай, бір жыл үйінен шықпай жатқан екен. Енді ғана өз-өзіне келіп, жұмысқа орналасқан. Бәрі өздерінің қамын жеп, құқығын қорғап жүрген Айгүл Орынбектің арқасы екенін жасырмады.

Ал онда 23 жасында аттанып, үш жылдай құлдықта болған Рыскүл Көккөзованың оралғанына 6 жылдай уақыт өтті. Алайда, көрген қорлығы кеше өткендей, әлі күнге көз алдында. Өзін онда баруға апалы-сіңлілердің арасындағы Жансұлу есімді келіншектің Рабиға есімді қайын сіңлісі көндіргенін айтады.

52610db9-33f9-4583-bc2c-f1609fee3d1a

“Маған да бала күтуші боласың деп алып барған. Сабаумен қарсы алып, бірінші күннен еден жуғызды. Адам құрлы көрмей, арымызды әбден аяққа таптады. Қалмырзаев Мыңболат есімді азаматпен некелестіріп қойды. Содан бір балалы болып қайттым”, – дейді Рыскүл.

Рыскүлдің бағына орай, оны базарға саудаға шығарған екен. Сонда өзі кездестірген тәжік азаматы еліне қашуға мұрындық болған. Алайда, біраз уақытқа дейін қашуға қорқып жүрген. Себебі қолға түскендерді аяусыз жазалайды. Ал Қалмырзаев Мыңболат есімді азамат, тіпті, оны соңынан іздеп келген көрінеді. Екеуінің тағы екі сәбиі туылған. Алайда, арада біраз уақыт өтіп, Мыңболат оларды тастап, Ресейге қайтып кеткен.

5c3bc8ee-c7a4-4cfe-8463-62441ba6d140

“Олардың бәрі ымыралас. Мені үйге оралған соң, арыз-шағым жазбасын, елге жарияламасын деп, алдандыру үшін Мыңболат соңымнан қайтып келген ғой… Олардың психикалық ахуалы дұрыс емес”, – деп түсіндірді ол.

Үш баласымен қалған Рыскүл қазір саудамен айналысып, нәпақасын тауып жүр. Құлдықта болған өзге азаматшалармен бірге байланысып, бір-біріне қолдау көрсетіп тұрады. Олардың бастарын қосқан заңгер Айгүл Орынбек. Қыздар Айгүл ханымның өздерінің құқықтарын қорғаумен қатар, қаржылай да көмек көрсететінін айтады. Олардың ісін қолға алған заңгер ханым істі соңына дейін апарам деп отыр.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да алпыс жастағы қария Меккеге велосипедпен аттанды (видео)

Алматыда жоғалған 2 жасар бала өз үйінің дәретханасынан табылды

Қазақстандықтар балаларының Прагада таяқ жегенін хабарлады

Қазақстандықтардың банктегі есепшоты мен карталарына жаңа вирус тарап жатыр

Талқылау