Мәскеуде болған өрт кезінде 17 қырғыз азаматы қайтыс болды
Мәскеуде қайғылы жағдайға ұшырап қайтыс болған және зардап шеккен қырғыз азаматтарына байланысты Қырғызстанның үкіметтік делегациясы Мәскеуге ұшпақ.
Фото: rtvi.com
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Бүгін Бішкек орталығында өрт кезінде қаза тапқандарға байланысты еске алу рәсімі өтті. Оған 70-дей адам қатысты. Арасында президент әкімшілігінің өкілдері мен үкімет адамдары болды. Митингке қатысушылар қаза тапқандардың тізімін атап, оларға гүл шоқтарын қойды.
Қырғыз билігінің айтуынша, болған жағдайдың мән-жайын зерттейтін ресейлік құқық қорғау органдарына Қырғызстан ІІМ қызметкерлері де қосылады. Қырғыз Республикасы президент әкімшілігінің басшысы Фарид Ниязов қаза тапқандарды қазіргі таңда елге алып келу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
Еске сала кетсек, сенбі күні Мәскеудің солтүстігінде болған баспаханадағы өрт кезінде 17 адам қаза тапты. Олардың 14-і – Қырғызстан азаматтары. Үш зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.