Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу ауруханасында жатқан спортшы Расул Мырзаевтың суреті жарияланды

Самбодан әлем чемпионы Расул Мырзаевқа шабуылдан кейін ота жасалғанды. Қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

2cabd22d6889b70f74b8c55a1ae8ba42__1440x

Бұл туралы “Life.ru” басылымы хабарлайды.

Жаңа жыл түнінде шабуыл жасалған Мырзаевтың фотосын алғашқылардың бірі болып Лайф басылымы жариялады. Үш белгісіз қылмыскер оған шабуыл жасаған соң, ол ауруханаға жеткізілді. Ауруханада оған жедел ота жасалды. Қазір жағдайы толықтай жақсы.

Естеріңізге сала кетсек, әлгі үш жігіт бақылау камерасына түсіп қалған. Лайф басылымының хабарлауынша, олар жоғарғы қабатқа көтеріліп, Мырзавтың есігін қаққан. Есікті бір қыз ашқан. Шақырылмаған қонақтардың келгенін естіп, спортшы сыртқа жүгіріп шыққан. Қылмыскерлердің санының көптігіне қарамастан, Мырзаев оларға сазайын тарттырып, өзін құтқарып үлгерген.

Фактіге сәйкес, құқық қорғаушылар тергеу жұмыстарын бастап кетті. Ауруханада жатқан Мырзаевтан жауап алынып үлгерді.


Жіберіп алмаңыз:

Жаңа жыл түні Қапшағайдың ең үлкен шыршасы өртенді (видео)

Павлодарда жолдың ортасында тұрған көлік түгі қалмай жанып кетті (видео)

Көкшетауда полицейді әріптесін өлтірді деп айыптады

Қостанай облысында босану кезінде әйел мен сәбиі қайтыс болды

Талқылау