Мәскеу орталығына дрондар шабуыл жасады
23 тамызда таңертең Мәскеу орталығына ұшқышсыз аппараттармен шабуыл жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің сөзінше, бірінші дрон Мәскеуге ұшып келе жатқанда жойылған. Ал екіншісі қала орталығында салынып жатқан ғимаратқа құлаған.
"Бүгінде түнде әуе қорғаныс күштері Мәскеу облысы Можайск ауданында ұшқышсыз аппаратты жойд. Екінші дрон Москва-Ситидегі салынып жатқан ғимаратқа құлады. Оқиға орнына жедел қызмет жіберілді. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ", – деді ол.
Ал Ресейдің қорғаныс министрлігі барлығы үш дрон болғанын айтады.
"Екі дронды әуе қорғаныс күштері Можайск пен Химкинск ауданы аумағында жойып жіберді. Радиоэлектронды күрес күші үшінші дронның байланысын үзіп, Москва-Ситиде кешенінде салынып жатқан ғимаратқа құлады", – делінген хабарламада.
Ал ТАСС мәліметінше, Мәскеу тұрғындары Воротынский, Ангарская көшесі мен Митино ауданында жарылыс дауыстарын естіген.