Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу қырғыздары мәдениет министріне жауап айтты (видео)

Бірер күн бұрын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәскеуде әжетхана тазалап жүрген қырғыздарды тілге тиек етіп, сынға алған болатын. Тиісінше министрдің өзі осы сөзінен кейін қарша бораған сынның астында қалған.

11111

Бұл туралы krg.rus4all.ru хабарлайды.

“Расында, жасыратын ешнәрсе жоқ, Мәскеуге, басқа қалаларға барсаң, дәретханаларды біздің көрші елдің қыздары тазалап жүреді. Олар өрімдей жас кезінде осындай жұмыс істеуге, дәретхана тазалауға лайықты ма еді. Әрине, елде перспектива болмаса, жұмыс болмаса, олар өзге елге барып жұмыс істеуге мәжбүр. Осы жағдайларды белгілі көреген қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов айтып кеткен еді. Ол халқын құтқаруға тырысты”, – деген еді министр халықпен кездесуінде.

Оның осы сөзі қоғамды үлкен дау тудырып, тіпті әлеуметтік желі қолданушылары министрдің қылығы үшін қырғыз халқынан кешірім де сұраған еді. Осы даудан кейін Мұхамедиұлы да, айтқан сөзі үшін кешіріп сұрады.

Осы ретте Мәскеуде еңбек етіп жүрген қырғыздар да қазақ министрінің сөзіне жауап қатты.

“Әжетхана жусақ та таза еңбегімізбен ақша тауып жүрміз. Тәнімізді сатқан жоқпыз. Бала-шағамызды асырап, Қырғызстан экономикасына пайда әкеліп жатырмыз. Мен қазақ министрінің айтқанына қосылмаймын, ол дұрыс емес. Ешкім мұнда жетіскеннен келген жоқ, қайтсек отбасыны асыраймыз деп жүр. Тіпті керек десеңіз, сондай жұмыс істеп жүрген мұнда қазақстандықтар да аз емес”, – дейді олар.

Талқылау