Мәскеу қалалық соты Томирис Байсафаның өліміне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
2 желтоқсанда Мәскеу қалалық соты Дағыстаннан келген бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Муртузали Меджидовтың ұлын қатаң режимдегі колонияда 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұған дейін қазақстандық Томирис Байсафаны өлтіргені үшін сотталған.
Айыптау үкімі осы жылдың маусым айында шыққан. Алайда оның адвокаттары кейін сот үкіміне шағымданатындарын айтқан. Олар белгіленген мерзімде апелляциялық шағым түсірді. Оның нәтижесі 2 қарашада шықты. Мәскеу қалалық соты бұрынғы шешімді толығымен қолдады. Мажидов алдағы 13 жылын қатаң режимдегі колонияда өткізеді.
- Томирис Байсафаның анасы қызымен бірге жүрген достардың сатқындығы жайлы айтты
- "Балаларға дос таңдауды үйрету керек": Томирис Байсафаның анасы әділдік үшін өткен 4 жыл мен бала тәрбиесі жайлы айтты
Ақпаратты марқұм қыздың анасы Жанна Ахметова растады. Ол өзінің Instagram парақшасында Мәскеу қалалық соты Меджидовқа үкімді күшінде қалдырғанын жазды.
Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуірінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Студент қыздың туыстары қайғылы оқиғаны кісі өлтірумен бірдей екенін айтып, бұған Дағыстанның бұрынғы вице-премьері Муртазали Меджидовтың ұлын кінәлаған.