Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу биржасына салынған санкциялар Қазақстанға қалай әсер етеді – Қаржыгер түсіндірді

Қаржыгер Расул Рысмамбетов Мәскеу биржасына қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты. Айтуынша, тікелей әсері болмағанмен, кей жағдайда салдары байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: KPRF

Ол Ресей Федерациясының бірқатар қаржылық құрылымдарына қатысты санкциялар Қазақстанға тікелей әсер етпейді, бірақ санкцияға іліккен Ресей билігінің әрекеттері Қазақстанға әсер етеді дейді.

Сөзінше, Ресейдің қаржы органдары санкцияларолардың қызметін қиындату емес, қаржылық құрылымын бұзуға бағытталғанын көріп, симметриялы әрекеттерге кірісуі мүмкін.

  • “Биржадан тыс валюта нарығын құру. Бұл – қара нарық емес, баяғы ашық валюта нарығы, сол интервенциялар мен шектеулері бар. Бұл сұр қолма-қол ақша нарығының қалыптасуына әкеледі, ішінара әкеліп үлгерді.
  •  Параллельді төлем жүйесін құру. МИР төлем жүйесін белсенді түрде дамытады.
  • Басқа юрисдикцияларда шетел валютасындағы корпоративтік қаржылық операцияларды бөлу”, – деп түсіндірді қаржыгер.


Енді бұл әрекеттер Қазақстанға соққы боп тиеді дейді.

“Қазақстан валюта айырбастау операцияларын қалай жүргізу керегін шешу қажет болады. Өйткені Ресей – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Рубль/теңге бағамы қалай қалыптасатынын анықтау қажет. Ең қисындысы – валюталар себеті мен commodities (мұнай, астық, алтын, юань және т.б.) арқылы орындау.

Рубльдің құнсыздануы Қазақстандағы ресейлік тауарлардың бәсекеге қабілетіне әсер ете ме? Ресей Федерациясында 2 мыңнан астам шетелдік корпорациялар жұмысын жалғастырып жатыр, жартысынан көбі біз сатып алатын тауарларды шығарады”, – деді Рысмамбетов.

Ол 1:5 (1 рубль – 5 теңге) шартты паритет мәселесіне де назар аударды. 

“Бұл валюталық па, әлде тауарлық паритет пе? Бұл тепе-теңдікті сақтау үшін қандай да бір күш қажет пе немесе оны өзгертуге бола ма? Сауда динамикасына сүйенсек, теңгенің күшті айырбас бағамы (1 рубль үшін 4 немесе одан аз теңге) қазақстандық өндірушілерге соққы болады. 3 жылдан астам уақыттан бері Қазақстандағы қант, сүт, астық өндірушілер бәсекеге төтеп бере алмай отыр", – деп түсіндірді ол

Талқылау