Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәскеу аруы" Малайзияның экс-патшасы туралы сенсациялық мәлімдеме жасады

«Мәскеу аруы» Оксана Воеводина жеке өміріне қатысты мәліметтерімен бөлісіп, Малайзияның бұрынғы патшасы V Мұхаммедпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәскеулік ару Instagram желісінде күйеуімен қалай танысқанын айтып берді. 

Воеводинаның сөзінше, ол Мұхаммедті алғаш рет көргенде, «дәл осы азамат балаларымның әкесі болады» деп ойлаған. 

Оксана әңгіме барысында болашақ күйеуінен бұрынғы әйелдері мен балалары туралы сұрапты. Ол бұған дейін шаңырақ көтергенін, алайда бұрынғы әйелі алдап кеткенін айтқан. 

«Ол 2015 жылы ажырасып кеткенін айтты. Себебі чехиялық әйелі тұрмыста болмағаны туралы өтірік айтқан. Құжаттар бойынша әйел өз елінде ажыраспаған екен», - дейді Воеводина. 

«Мәскеу аруының» айтуынша, Мұхаммед бұрынғы әйелін тек ақша қызықтырғанын айтып шағымданған. Сондықтан ол Малайзияның экс-патшасына бала туып бергісі келмепті. 

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қарашасында Малайзияның жоғарғы билеушісі Мұхаммед V 2015 жылы «Мәскеу аруы» сұлулығының жеңімпазы Оксана Воеводинамен үйленгені туралы хабарланған еді. Қаңтарда ол қызметінен бас тартып, Сұлтан Келантан атағын ғана сақтап қалды.

Биылғы жылдың мамыр айында Воеводина мен V Мұхаммедтің ұлы дүниеге келді. 17 шілдеде «Мәскеу аруы» ажырасқаны туралы белгілі болды.

Алайда ажырасқанын жасыруға тырысқан Воеводина жеке өміріне қатысты жақ ашпаған еді. Ол соңғы уақытта ғана жеке өміріне қатысты мәліметтерімен бөлісе бастады. Бұған дейін ол Малайзияның экс-патшасының ұлын өмірге әкелгеннен кейін күйзеліске ұшырағанын айтқан

Талқылау