Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Масканы түскі ас ішу үшін шештік": Қостанай соты ветеринарға салынған айыппұлдың күшін жойды

Қостанай соты түскі ас ішуге үшін ғана бетпердесін шешкен  ветеринар Максим Падеринге қатысты әкімшілік жауапкершілік ретінде тағайындалған 639 мың теңге айыппұлдың күшін жойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мамандандырылған әкімшілік сот  мал дәрігері Максим Падериннің және Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының апелляциялық шағымын қанағаттандырды, деп хабарлайды "Наш Костанай" басылымы.

"Біз бұл іспен хаттама жасалған сәттен бастап айналысып келеміз және Максим Падериннің мүдделерін сенімхат бойынша білдірдік. Сот мән-жайларды мұқият түсінді және оның әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамын көрмеді. Сондай-ақ, прокуратура органдары іс материалдарын зерделеп, кәсіпкердің жағына шыққанын атап өткім келеді", - деді өңірлік Кәсіпкерлер палатасында.

Еске салайық, Максим Падеринге ветеринарлық клиникада түскі үзіліс кезінде маска болмағаны үшін айыппұл салынды. Жиырма үшінші шілдеде полиция қызметкерлері бейнекамерамен кіріп келген. Бұл уақытта келушілер болмаған. Ер адам қызметкерлерімен түскі ас ішуге дайындалып жатқан. Оның айтуынша, айыппұл салғандардың өздері өрескел бұзушылықтарға жол берген.

Айыппұл туралы оған біршама уақыт өткен соң ғана хабарланған. Оған 638 940 теңге айыппұл салынды, ол клиниканың банкроттығына қауіп төндірді.

Падерин Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасына қорғауға өтініш білдірді. Заңгерлер бұл істе көптеген өрескел бұзушылықтарды тапты.

Талқылау