Маскалар мен антисептиктер сатып алуға: Қазақстандық мектептер мұғалімдер мен ата-аналардан ақша жинаған
Кейбір қазақстандық мектептерде мұғалімдер мен ата-аналардан қорғаныс құралдарын - маскалар, антисептиктер және кезекші топтардың жұмысы үшін дезинфекциялық кілемшелер сатып алуға ақша жинап жатыр. Бұл туралы MediaBilim журналының редакторы Жәнібек Көшкінбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанның әр өңіріндегі мұғалімдерден жүздеген жасырын шағым келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Олар ақша жинайды, антисептиктерге, оқушылардың бетпердесіне, мұғалімдерден жинайды. Шынымен осындай факт бар. Ауылды білесіздер, директор - жұмыс беруші, бірнәрсе десе шығарып жіберуі мүмкін. Ашық айта алмайды", - деді Жәнібек Көшкінбаев.
Оның айтуынша, Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдері жиі осындай проблемаға тап болады.
Ал Алматы қаласының білім басқармасы қорғаныс құралдарына ақша бөлінетінін мәлімдеді. Ал ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жинау заңға қайшы келеді.
"Дезинфекциялық кілемшелер, ол санитайзерлер, ауадағы ылғалды сақтап тұратын заттар, бұл заттар үшін мектеп ешкімнің ешқандай жағдайда ақша жинамауы керек. Барлық мектеп оқу бойынша қаржыландыруға көшкен, сол қаржыға санитария құралдарын ала алады", - деді Алматы қаласы орта білім бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова.