Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімовтен кешірім жасау туралы өтініш әлі түскен жоқ – Кешірім жасау жөніндегі комиссия төрағасы

Президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Марат Башимов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтен кешірім жасау туралы өтініш әлі түспегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ҰҚК

"Біз Мәсімовтің кешірім жасау туралы өтінішін әлі алған жоқпыз", – деді Марат Башимов.

Сондай-ақ ол президентке кешірім жасау туралы өтініш жолдау алдында бірқатар әрекеттердің бар екенін атап өтті.

"Алдымен өтініш келеді. Одан кейін Жоғарғы сотқа, Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне және бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін жерге сұраныстар жіберіледі, себебі ақпарат жинау керек. Содан кейін дауыс беру арқылы кешірім беруге негіз бар-жоғын анықтайтын комиссия отырысы өтеді. Осыдан кейін комиссия шешім қабылдап, президентке жібереді. Басқа түсініктеме бере алмаймын", – деді Башимов.

Айта кетейік, 9 маусым күні Кәрім Мәсімовтың президентке кешірім беру туралы өтініш жазғаны жайлы ақпарат тараған еді. 

Талқылау