Мәсімов терроризмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалардың тізіміне енді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалардың тізіміне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігінің сайтындағы хабарлауынша, 1 шілдеде тізімге бірқатар тұлғалар қосылды. Олардың қатарында Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары – Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов пен Дәулет Еділұлы Ерғожин бар.
Сонымен қатар, 1 шілде жарияланған тізімде басқа да есімдер пайда болды. Олардың қатарында Тәңірбергенов Арман Тәңірбергенұлы және Швецов Алексей Анатольевич бар.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”