Масанчи тұрғындары ауылға келген залал жайлы айтып берді
Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданындағы ауылдарда орнаған тәртіпсіздік еліміздің жұртын біраз шулатты. 7 ақпан күні Масанчи ауылында жаппай келеңсіздіктің салдарынан он адам қаза болған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
"Келді де жаңадан салынған ғимараттың күл-талқанын шығарды. Бұл жерде тіс емханасы, дүкен мен асхана енді ашылған еді. Қазір кішкене тынышталып қалды. Бізге көмектесіп жатыр", - Масанчи ауылының тұрғыны Мухабат Миржаланова.
Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылы ең қатты зардап шеккен аймақтардың бірі. Ресми деректерге сәйкес, 30-дан астам үй қирап, 27 дүкен мен сауда нүктелері бұзылған. Тағы 20-дан астам көлікті өртеп жіберген. Бүгінгі күні қаруланған әскерилер ауылдың көшелерін торуылдап жүр. Ауылда әйел мен бала қалмаған. Десек те қазіргі кезде аймақтағы жағдай тұрақталып келеді. Тұрғындар келген залалдың көлемін есептеуде.
Бұған қоса Ауқатты ауылының жағдайы да мәз емес. Ол жерге вице-премьер Бердібек Сапарбаев келіп, тұрғындармен кездесу өткізді.
"Отбасымыз, бала-шағамыз Қырғызстан қайтып келе жатыр. Бәрі жақсы деп айтуға болады. Біз осында туып-өстік. Жағдай қайтадан бірқалыпқа келсе екен дейміз. Билік квота бөлген, ауылшаруашылығымен айналысамыз. Ешнәрсеге шағымданбаймыз", - деді Ауқатты аулының тұрғыны Мәлік Жеңліров.
Ауылға кіріп-шығатын жолды да тәртіп сақшылары күзетіп жүр. Барлық көліктер тексіріліп жатыр. Алдағы уақытта жағдайдың жақсаратынына үміттенеміз.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
