Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маса шаққаннан кейін қайтыс болған әйелдің күйеуі дәрігерлерді жазалауды талап етті

Маса шаққаннан кейін қайтыс болған Мақпал Еспенбетованың күйеуі кінәлі дәрігерлерге әділ жаза қолданылуын талап етіп отыр. Естеріңізде болса, жазда жәндік шаққаннан кейін екі баланың анасы медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген болатын. Дәрігерлер еккен дәріден кейін әйел көз жұмды. Үш қызметкер сөгіс алды. Алайда іс сол күйі сотқа жетпеген.

Маса шаққаннан кейін қайтыс болған әйелдің күйеуі дәрігерлерді жазалауды талап етті

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мақпал Еспенбетованың бақилыққа аттанғанына 4 айдан асты. Бұл уақыт аралығында марқұмның күйеуі Роллан препараттардың құрамын зерттеп, фактілерді қайта тексеруді үйренген. Мәселе ол өздігінен жалдаған тәуелсіз сарапшылар сол күйі әйелдің неден қайтқанын анықтай алмаған. Кейіннен денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тексерістен кейін, азамат әйелінің өлімін алдын алуға болатынын, ал оған салынған препарат қателіктен болғанын білген.

Зардап шегуші кінәлі дәрігерлердің сөгіспен құтылып кеткенін журналистерден білген. Енді ол ақ халаттыларға қатаң жаза беруді талап етіп отыр.

“Әрине, олардың алған жазаларына көңілім толмайды. Олар жұмыс істей ме, жоқ па, маған бәрібір, бірақ жұмыс істемегендері дұрыс. Тиісті жазаларын алса деймін. Олардың жай ғана жұмыстан шыққаны жеткіліксіз”, – дейді марқұмның күйеуі Роллан Еспенбетов.

Мақпал Еспенбетованың ісі сотқа қашан жететіні белгісіз. Кәсіби міндеттерін дұрыс атқармағаны ісі бойынша тергеу әлі де жалғасуда. Өйткені құқық қорғау органдары екінші мәрте медициналық сараптама жүргізуді талап еткен.

Ал әзірге екі баласын жалғыз тәрбиелеп отырған Ролланның санасын сан мың сұрақ мазалауда. Неліктен әйелдің ауруханаға жатудан бас тартуы тіркелмеген, амбулаторлық карта толтырылмаған және т.б.
“Менің әйелімнің басынан мынадай сұмдық жайт өткен соң, тура сол “Преднизолон” препараты тағы бір емделушіге берілген. Тегі есімде қалмапты, Ажаева болуы керек. Оның да қан қысымы түсіп, жағдайы нашарлаған”, – дейді Роллан.

Болған оқиғадан кейін аурухана басшылығы препаратты қолданыстан алып тастайтынын, оны енді арнайы комиссия тексеретінін айтқан болатын. Оның нәтижесі әзірге журналистерге белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр