Алматы облысында мас мектеп оқушысы біреудің көлігін айдап кетіп, мотоцикл жүргізушісін қақты
Алматы облысында 17 жастағы мектеп оқушысы жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полицияның мәліметінше, апат 25 мамырда кешке Үштөбеде болған.
17 жастағы Audi жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен келе жатып, мотоцикл тізгенінде отырған Талдықорғанның 20 жастағы тұрғынына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің 20 жастағы жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Өзге құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.
Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру мен автокөлікті тіркеу тоқтатылды
Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған жүргізуші мастықтың орташа деңгейінде танысының көлігіне мініп, оны айдап қайтпақшы болған.
Қазіргі уақытта ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. ҚР ҚК 345-1-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп нақтылады баспасөз қызметінен.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді