Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мас күйде көлік жүргізген Форт-Шевченко әкімі 15 тәулікке қамалды

Түпқараған аудандық сотының шешімімен Форт-Шевченко елді мекенінің әкімі Шалқыбай Әзірбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сот Әзірбаевтың жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болып, көлікті Ақтау – Форт-Шевченко тас жолында басқарғанын анықтады", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Бұл үшін 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші құқығынан айыру жазасы қарастырылған.



"Сот отырысында Әзірбаев өз кінәсін мойындамай, алкогольдік ішімдік ішпегенін алға тартып, тек сырқатына байланысты мойнын спиртпен сүрткенін айтты. Прокурор оны кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын қолдануды сұрады", –  деп қосты баспасөз қызметі.

Сот прокурордың өтінішін қанағаттандырған. Әзірге шешім заңды күшіне енген жоқ және оған қарсы шағым түсіруге болады.

Еске салайық, бұған дейін желіде Форт-Шевченко әкімінің мас күйінде түсірілген видеосы таралғаны туралы жазылған болатын.

Талқылау