Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маржан Арапбаева: Мектепте бірінші атаман болдым

Отандық эстрада жұлдыздары мектеп кезінде қандай оқушы болғандарын айтып берді. Мәселен, бала күнінен ер балаларға жақын болған Маржан Арапбаева «мектепте бірінші атаман болғанмын» деп айды аспанға бір-ақ шығарса, әнші Айқын керісінше тәртіпті бала болғанын айтты. Ал Нұржан Керменбаев қыздарға қараймын деп 8 сыныптан кейін сабақты шетке ысырып қойғанын мойындады.

14323145407109

«Анам тарих пәнінің мұғалімі, ал әкем өкіметке жұмыс істейтін. Сол себепті жаман оқуға хақымыз болмайтын. Түсінбеген жерімізді анамыз түсіндіріп беретін. 4 пен 5-ке оқыдым. Бірақ тентек болғаным рас. Бір қызбен төбелесіп қалғаным есімде. Екеуміз атамандыққа таластық. «Мен бірінші атаман боламын» деп төбелестік. Мектептің артында үлкен қыр бар болатын. Сол қырға бүкіл сыныппен жиналып шықтық, екеуміз жаға ұстастық. Жиналған шашымның ұйпа-тұйпасы шығып кетті. Мектеп киімім, пионер галстугым жыртылған, басым көгеріп, ісіп кеткен», – деді Арапбаева Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Әнші үнемі дау-дамайдың ортасында жүретінін жасырмады.

«Негізі мен біреуді шақыстырып қойып, үнемі дау-дамайдың арасында жүретінмін. Өзім балаларға жақын, жігіт сияқты болатынмын. Майысып қыз сияқты болған емеспін, әлі күнге дейін ондайым жоқ», – деді ол.

Есесіне қалада өскен Айқын тәртіпті оқушы болғанын мәлім етті.

u1W37K3q9zc

«Қаланың баласымыз ғой, қаланың балалары ондай тентек болмайды. Момын болдық, сабақты жақсы оқыдық. Тентектігімізді де көрсеттік, бірақ жаман бұзақылық істеген жоқпыз», – деп атап өтті Айқын.

Ал қазақтың қара баласы Нұржан Керменбаев қаланың сұлуларына ғашық болып, сабақты шетке ысырып қойғанын тілге тиек етті.

1446441545dpup9

«Мектепте қатарымның алды да, арты да болмадым. Жетінші сыныпқа дейін жақсы оқуға тырыстым, әрі қарай дискотека, қыздарға қарау басталып кетті, сондықтан сабаққа көңіл бөлмей қалғанымыз бар», – дейді «Арнау» тобының әншісі.

Жіберіп алмаңыз: 

Әнші Ердос Қанаев тігінші жұбайының бірде-бір сахналық киім тігіп бермегенін айтты

Ата-анасы Мейрамбек Беспаевқа қыздарын бермей қойған

Бауыры: Оқыған мен оқымаған әншінің айырмашылығы көп. Ал Лидо оқымаған

Жеменей кубалық әншімен бірге «Қызыл өрікке» жаңа бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау