Маржан Арапбаева фирмалық пиццасының құпиясын ашты (фото)
Әнші өзі ойдан құрастырған фирмалық пиццасының рецептін желі қолданушыларымен бөлісті.
Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Маржан Арапбаева желідегі оқырмандарына фирмалық пиццасының рецептін ұсынды. Әншінің айтуынша, аталған рецепті өзі ойдан құрастырған екен.
“Пішіні айқын болмаса да, өте дәмді. Қамырды айранға зәйтүн майын, ас содасын, тұз қосып ашыттым. Жұмсақ илеп, қамырды клеенкаға 30 минутқа орап қойдым. Домалақ қамырдың үстіне томат пастасын немесе кетчуп жақтым. Бетіне қызанақ, зәйтүн салып, ірімшік пен қара бұрыш септім. Артынша үстіне зәйтүн майын құйдым. Қалауыңызға байланысты кез келген азық-түлікті пайдалануыңызға болады. Мысалы, болгар бұрышы, саңырауқұлақ, пияз, шұжық, тіпті қияр қосып жіберіңіз”, – дейді Маржан Арапбаева.
Желі қолданушылары әншіге рецепті үшін алғыс білдірді. Арасында Маржанның фирмалық пиццасын “көкөніс қосылған бауырсақ” деп атағандар да болды. Әнші тамақ әзірлеуді қызына осы бастан үйретіп жүр екен. Жуырда үлкен қызы отбасындағыларды окрошка дайындап қуантқан екен.
Жіберіп алмаңыз:
Маржан Арапбаева Шымкент қаласын шексіз сүйетінін айтты (видео)
Маржан Арапбаева әлеуметтік желіде бояусыз суретін жариялады және ол үшін еш ұялмайтынын айтты
Арапбаева қалай арықтайтынын көрсетемін деп жұртты шошытты