Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзгеріс қорқынышты, есесіне өсіреді": Образын өзгерткен Маржан Арапбаева жанкүйерлерін таңғалдырды

Маржан АрапбаеваФото: instagram.com/arapbayevamarzhan/

Әлеуметтік желіде жаңа сурет жүктеген танымал әнші Маржан Арапбаева оқырмандарын таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

47 жастағы әнші парақшасында жаңа образын көрсетіп, сурет жариялады. 

Суреттерде әнші каштан түстес қалың бұйра шашымен ұзын, жіңішке жолақты ақ жейде мен галстук тағып, сондай-ақ қара шалбармен орындықта отырып түскен.

“Өзгерістер қорқынышты, есесіне өсіреді”, – деп жазды Маржан Арапбаева.

Әншінің жаңа стилі мен сәнді шаш қиюы жанкүйерлердің ерекше ықыласын тудырды. Олар жазбаның пікір бөлімін жылы сөздерге толтырды.

“Әдемі болып кетіпсіз, көз тимесін”, “От болып тұрсыз”, “Өте сұлусыз”, “Сізді жақсы көремін”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Маржан Арапбаеваны азаматтық некедегі күйеуі соққыға жыққаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 04 Ақпан, 2026 17:35