Мароккодағы жер сілкінісі: Елде қанша қазақстандық тұратыны айтылды
Сыртқы істер министрлігі 2 800-ден аса адамның өмірін қиған күшті жер сілкінісі болған Мароккода қанша қазақстандықтың тұратынын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: hindustantimes.com
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мароккода 30-дан астам Қазақстан азаматы тұратынын жеткізді.
"Біздің Мароккода елшілігіміз бар. Мұнда 30-дан астам азамат тұрады, оның ішінде елшілік қызметкерлері мен басқа да қазақстандықтар бар. Оларда бәрі жақсы, ешкім зардап шеккен жоқ. Біз барлығымен байланыстамыз. Зардап шеккендер немесе қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ" – деді Айбек Смадияров.
Талқылау