Мароккодағы жер сілкінісі: 630-дан астам адам қаза тапты
Мароккода күшті жер сілкінісі салдарынан 630-дан астам адам қаза тапты. 330-ға жуық адам жарақат алды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Бейнеден алынған кадр
Магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі Марракештен 70 шақырымдай жерде болған. Табиғи апат жергілікті уақыт бойынша 23:00-ден кейін басталды. Жер сілкінісі жақын маңдағы бірқатар қалаларда да сезілді. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Марракештің ескі бөлігінде бірнеше ғимарат қирады.
Ішкі істер министрлігі жер сілкінісінен зардап шеккендердің көпшілігі таулы аймақтарда тұратын тұрғындар екенін хабарлайды. Құтқарушыларға ол жерге жету қиын. Кейбір аймақтарда электр жарығы мен су беру жартылай үзілген.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ